06.05.2022
  134


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Үйрен, қарғам

Үйрен қарғам, үйрен қарғам, бекініп,
Үйренгеннің іші терең көл тұнық.
Арманы асқақ алға басқан адамдар,
Үйреніпті қалғанға ешек дем тынып.
Балайды екен өмір ерке гүліне,
Білімдінің қарап жатпай кіміне.
Тырнаштаса түк өнбеген қолынан,
Үйренбеген білімсіздің күні не?
Бұл өмірдің құшағы ыстық от енді,
Надан ғана өгейі мен бөтені.
Өнер-білім тегершігін ұқпаған,
Күні бойы қорланумен өтеді.
Шатағы жоқ жаны шикі бұламен,
Білімділер бəсекесі мына əлем.
Осы шауып келе жатқан бетіңде,
Үйренбеуің бірдей ауыр кінəмен.
Үйрен қарғам, үйрен қарғам ұмтылып,
Білімсіздің іші тура құр тұлып.
Білімділер құстай ұшып озатын,
Келе жатыр күн артынын күн туып.





Пікір жазу