06.05.2022
  194


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Тірлік деген

Тірлік деген көріп қайтар қызығың,
Болмасын де оның дəмі-тұзы мұң.
Бəрі бекер тыныс тынып үзілсе,
Шығып келе жатқан биік құзыңның.
Тəңіріңнің беретіні кем деме,
Өз тірлігін күйіттеген пендеге.
Жастайынан ауыр салмақ көтеріп,
Жараушы еді бекімеген бел неге.
Мезгілінің кезеңін тауып кезенер,
Тірлік үшін күресудің өзі өнер.
Осы өмірде қарап тұрсаң безгенде,
Маңына шөп шықпастардан безеді ел.
Құшағында тəтті ұйқымен тынатын,
Күндізіңді жұтып жатыр мына түн.
Тірлік деген көріп қайтар қызығың,
Тірлігіңнің түсін қалқам қызығын.





Пікір жазу