06.05.2022
  112


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сәлем

Ұлұжаным сенде туып-өскемін,
(Төсек) болған көк жасаңды төскейің.
Ыстық маған сенің сұлу гүлдерің,
Өнегіндей жарым тіккен кестенің.
Маңдайымнан сипап айлы кештерің,
Құрбылармен сыр түйінін шешкенмін.
Қарыздармын қайтарғаным аз əлі,
Киелі жер бұл кінəмді кеш менің.
Ақ батамен тұсауымды кескен жер,
Асау таймен арпалысып өскен жер.
Сəби сезім құшағынан селт етіп,
Азаматтық арманыма көшкен жер.
Жыр үйрендім тамылжыған күй ұғып,
Төгіп тұрған нөсеріңнен құйылып.
Еркелеткен, тентек еткен жер өзің,
Өлеңіммен сəлем бердім иіліп.





Пікір жазу