Есі жоқ
Өнім алып жарығыңда шыр еткен,
өзіңде алғаш сезім туған жүректен.
Бала мінез бал татыған қылықпен,
Қам-қайғысыз ойнап қызық жыл өткен.
Кіндік қаным, қарын шашым со жерде,
Сонда жанам, сонда сөнем сөнерде.
Ұлы таудың ұларындай шақырған,
Сонда өзіме жақындар да сенерде.
Тауларына қарап өсіп талпынғам,
Бұл топырақ қымбат маған алтыннан.
Оқуыма кеткен сайын ата-анам,
Ұзақ-ұзақ қол бұлғайтын артымнан.
Төтеп беріп жасап ұзақ зор сынға,
Сол жандардың басы қалды осында.
Ойым толқып кетеді еске түскенде,
Көңілімнің еш баға жоқ босында.
Ентелетіп жұқты тілек жұқты арман,
Шөбіндегі мөлдіреген шықтардан.
Айырыларда альбомына жыр жазып,
Құрбы қыздан кестелеген шыт алғам.
Бақыт қайда осында өскен мал-жандай,
Бəрі өтеді көз алдымнан маржандай.
Əлі маған құшағында тұрғанның,
Бəрі тəтті бала күнгі болжамдай.
Көк балақ боп көбік қарын кешуші ек,
Сонда қалды бала күнім есіл шоқ.
Қол босаса-ақ қайтқым келіп кетеді,
Осы ауылды ұмытқанның есі жоқ.