Сағыныш
(Жуінлəйді еске алып)
Уа, біздің қайран зұңлй жарқылдаған,
Қыран ең бұлтты жарып саңқылдаған.
Өрелі ойдың тұнық арнасы едің,
Мерейің ұшан-теңіз сарқылмаған.
Сермедің жастан құлаш биікке ұлы,
Кең дүние бір кеудеңе сыйып тұрды.
Замана туады екшеп ілуде бір,
Өзіңдей ер данасы сүйікті ұлды.
Жаның жаз тұлғаң толы алып күш бар,
Ізгілік мектебі едің санамды ұштар.
Аламыз өміріңнен өшпес үлгі,
Сан ғасыр шоқтығынан самғап ұшар.
─ 21 ─
Өзіңді ұмыттырған халық қамы,
Демедің тар қияда талыққанды.
Жөңкиді көптің күре тамырында,
Өзіңдік махабаттың алып қаны.
Сенде екен өлмес ғұмыр ең сенімді,
Тұрады көтеріліп еңсең ұлы.
Теңіздей толқын атқан жатыр тулап,
Өзіңе қолын артқан ел сенімі.
Құятын жанымызға қуатты ерен,
Көл-көсір қалды артыңда мұрат деген.
Уақыт озған сайын күллі адамнан,
Махаббат саған деген туад терең.
Тартыста дес бермеген талай мыңға,
Қиямыз өлді деуге қалай мұнда.
Күрескер асыл зұңлй əр адамның,
Дем алып жатыр жүрек сарайында.
Өлеңнің сағынғанда қаптар селі,
О, қайран əділ сөздің ақ семсері.
Анықтап ақиқатты сөйлеп тұрған,
Көреміз əлі де осы саптан сені.