06.05.2022
  140


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қызыл өзен

Көремін қызыл өзен өзегімдей,
Сен маған сұлу жырсың сөзі өрімдей.
Жасыл ну орманыңдай ой сап жүрсің,
Өтем бе қадіріңді сезе білмей.
Бөбегім көріп сенде таңжарығын,
Ат қойғам азанымен шалдарыңның.
Жағада ізі жатыр су көтерген,
Йіліп тал шыбықтай жан жарымның.
Жанымның емдескен дос жара мұңын,
Тербеуге жұрегіңді жарар ма үнім.
Суретім бар ма аяулы қарындастар,
Алдында қарақаттай жанарыңның.
Жүрсемде аржағында екі өзеннің,
Сен мүлдем тілек бірге екенге өзің.
Есімде қалды ақылы кей ағаның,
Көк бүршік бабын білген ерке кездің.
Мен сені əз анам деп айта аламын,
Төлемін бал дəмінің қайтарамын.
Балапан жырларымның тұғыры едің,
Ұшады қызғышың боп байтақ əнім.





Пікір жазу