06.05.2022
  184


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Диплом

Емес ол алдым-бердім қолхаты жай,
Өмірге сапарымның жолхатындай.
Ол менің жүрегімнің қызыл қаны,
Жаныммен бір жүгіріп жатқан тынбай.
Куəсі ол аққан тердің кір шалмаған,
Қанаты ол арманымның күн шарлаған.
Мен соның қуатымен туған елдің,
Бір сетер көлігімін көшке арнаған.
Айнам ол студенттік шағымдағы,
Тұр сонда ынта-жігер жалын бəрі.
Жаратып қалауына қай майданның,
Жүрген сол қуат беріп жанымдағы.





Пікір жазу