06.05.2022
  150


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Аяулы асыл жандар

Кешіріп қилы өмірдің тартыстарын,
Шыңдалған балғасындай қарт ұстаның.
Аяулы асыл жандар ауылдағы,
Сақтаған кір шалдырмай ақ тысты арын.
Дəптердің толтырам деп санын алдым,
Өлеңнің іздеп шығып сəнді ырғағын.
Сыйлауға олқы көріп өздеріңе,
Қайта жыртып тастадым соның бəрін.
Жақыны, жанашыры адал жанның,
Алаулап өздері де жаны ақ жалын.
Бойында жалыны да, жаңбыры да,
Айырған шалар жағын, жауар жағын.
Табылған қасиетінен сан айырма,
Өнеге талай қызға, талай ұлға.
Тасыған үйіп–төгіп қолда барын,
Таңсық деп қаладағы ағайынға.
Жеңісін үлкен үлкен деспен жалғар,
Осы ғой қайсар болып өскен жандар.
Көзге түсіп, көңілге ұялаған,
Секілді салқын самал ескен заңғар.
Аяулы асыл жандар намыс қуған,
Жылы ұяң бетті шалған алыс қырдан.
Қадап ап қаламымды қажырыңа.
Шаласын шабытымның қағыстырам.





Пікір жазу