06.05.2022
205
Жұмысың болсын
Нелер бар қалқам көңілде,
Бəрін айт ақтай төгілде.
Соғады зауқың нелерге,
Мынау бір толқын өмірде.
Орыны қоқсық, күресін,
Жинамай жүрсе кім есін.
Кейде өмір жайсаң болғанмен,
Жоқ деме қара күйесін.
Дым кеппей жүрсе басыңда,
Қырсық пен қиын қасыңда.
Қор болып өте шығады,
Тұтамдай өмір осында.
Қысасып жүрсің сен несін,
Бұл өмір емес теңдесің.
Түсіну керек жан толқып,
Айналып екі келмесін.
Төккенің бақыт көлдей тер,
Уақыт ғайып сен кетер.
Толғаныс ғана адамның,
Бесік боп ойын тербетер.
Көзді алдап өтер мың түрмен,
Биыл тең бе былтырмен?
Адам боп келдің кеткенше,
Жұмысың болсын бітірген.