06.05.2022
116
Жаңа жыл
Жаңа жыл, жаңа жыр басталды,
Тербетіп жас қайың, жас талды.
Тау–өзен, даладан, орманнан,
Жамандық болса екен тастанды.
Жаңа жыл, жаңа əуен көтеріп,
Бақытқа қадам ал төте анық.
Көңілі ақ сүттей жандардың,
Шашбауын биіктен биікке көтеріп.
Жаңа жыл халқымның ойы үшін,
Құт болсын қойының–қонышың.
Ала ауыз аш бақа үні өшіп,
Береке уыз боп құйылсын.