06.05.2022
103
Айтылмаған арман
Жыбыр-жыбыр сөйлегендей жүз ерін,
Көздерінен ұялушы ек біз елдің.
Ілəм деспей екі бөлек кеткенде,
Ой соқты боп барып–барып түзелем.
Сен қарындас, мен ағасып жүргенде,
Қыраттағы қызғалдақтай қыз едің.
Күлкің десем мөлдір бұлақ аққанын,
Жамалыңа жағар теңеу таппадым.
Жастығым ба, мастығым ба білмедім,
Жанарыңнан атпай қалған ақ таңым.
Көреміз бе дəнекерсіз тағдырдан,
Біз сырласар уақытты тар қылған.
Деп ойлаймын аңқау басым мен онда,
Шығып кетсе елден ұят дабырым.
Сөздер қалды ағытылмай арнамнан,
Сенің алтын жаның үшін арналған.
Жауа алмаған жаздың ұяң бұлтындай,
Мұңлық бар ма айтылмаған арманнан.