06.05.2022
162
Туған үйге барғанда
Алғаш мені шешіп алып жөргектен,
алғаш сенде анам мені тербеткен,
сенде қалып бақытты шақ, балалық,
сенде менің ақыл-ойым ержеткен.
Алыс кетсем жабықтырса кейде өмір,
қуаныштан шалқып кетсем кейде бір,
будақтаған түтінің де сағыныш,
сен құшақсың мені күткен бейне бір.
Сені аңсасам – көңілде жыр шумағы,
сені аңсасам – жақсы өлеңнің туғаны.
Өшпесе екен ошағыңда жанған от,
бітпесе екен көк түтіннің будағы.