06.05.2022
172
Биіктер
Өседі биік шынарлар
сұңғыла көкке бас сұғып.
Қызыға қарар ұландар
көзінен кейде жас шығып:
«Бақытты-ау, шіркін, үлкендер –
төбесін сүйген жеке Күн!»
Жастар-ай, егер білсеңдер
биіктік тылсым екенін.
Қаншама биік өссең де,
шырқауың алда тұрғандай.
Өс, өрле, шыңға жет сен де,
биіктікті аңса мұңданбай!
Арманнан албырт күй ұғын
(армансыздарда сөнеді от),
алынған əрбір биігің
көрінер сонда төбе боп.