06.05.2022
  154


Автор: Фариза Оңғарсынова

Күн мен Махаббат

Күн шықпайды түндерде, бұл – ақиқат қашаннан,
Күнді тіле, жалбарын – бəрі əшейін бос арман.
Таң атады кезінде, Күн де шығар сыланып,
шығар сəтте еш нəрсе сала алмайды бұғалық.
Махаббат та дəл сондай – тілегеннен келмейді,
тұтанбайды – сүйген боп көріне бер сен мейлі.
Келген кезде махаббат ұмыттырар бар жайды,
қос жүрекке бір ұшқын жол салады, жалғайды.
Сонда екеуі қарайды дауылға да жасқанбай,
сонда екеуі мəңгі бір – ару Күн мен аспандай.





Пікір жазу