06.05.2022
193
Әйел махаббаты
Əйел деген – шарап деп сен жырлайсың, ақыным,
келіспеймін мұныңа, бұл – мен үшін жат ұғым.
Ə дегеннен шарапқа қанамын деп ойлама,
көз іліп ап, тағы бас жазамын деп ойлама.
Əйел – қорған, мəрмəрдан өрілетін қатарлап,
күзетеді оны тек батылдық пен махаббат.
Қақпа соқса біреулер – достар да бар, қас та бар,
сақтамасаң қорғанды – иемденер басқалар.
Əйел деген – құзар шың, шығармайтын басына,
табындырған екенсің – сақта ендеше, жасыма!
Бұлақ ойнап, ол шыңның айналғанын гүл баққа
көргің келсе, аймала, жылуыңмен құндақта.
Жоғалтпайды ол сенімін, естіртпейді ез үнін,
өрлік мұзын əйелдің еріткенше сезімің.
Махаббаттың шарабын іше алады сең жібіп
өр сезімін əйелдің балқыта алған ер жігіт!