06.05.2022
  153


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тауда


Кеше мен тауға шықтым,
жұпарын жұттым қанбай.
Шыңдарға жармасып Күн,
биікті ұқтырғандай.
Мұңды едім, күлкі, бақыт
ұмытқан көптен мені.
Жаныма нұр құлатып
келгендей көктем кері.
Күй кештім дəл осындай,
жанымды жанап ақ күн.
Мен сонда дара шыңдай
биіктеп бара жаттым.
Көмілдім асқар сынды
нұрына шуақ таңның.
Баяғы жас қалпымды
кешкендей қуаттандым











Пікір жазу