06.05.2022
258
Туған жер
Қайда жүрсем, өзіңе оралғанша асықтым,
əлем шексіз болса да, саған ғана ғашықпын.
Сен сарайсың құздағы құлата алмас ғасыр да,
көкшіл аспан күмбез боп төңкерілген басында.
Сол күмбезге ұя сап көгершін боп қонар ма ем,
бар лəззат, бақытты алар едім содан мен.
Қай жақтарға ұшсам да, оралар ем қайтадан,
саған деген сезімді мақтанышпен айта алам.
Өлсем, сенің қойнауың – тыныстайтын бесігім,
жүрегімде мəңгілік тұрар сенің есімің.