06.05.2022
196
Ерлікті аңсау
Жорық сап түнде көшелік,
Ямардың суын кешелік,
бұлақтан қанып ішелік,
жаудың бəрі қуылсын.
Жүйрікпен таңда жөнейік,
Будыраштың қанын төгейік,
Басымыл бегін көрейік,
жігіттер түгел жиылсын!
Қиқулап атпен шабайық,
семсер мен қалқан алайық,
дұшпанға ойран салайық,
аш жанынан түңілсін.
Қоршайық жаудың қамалын,
құртайық айла-амалын,
қиратып қару-жарағын,
қалжырап жерге бүгілсін.
Тоқты мен бөрі тең өссін,
хандар мен ерлер кеңессін,
əділет тусын, ел өссін,
қайғы жерден қуылсын!
Арғымаққа мінгізіп,
бес қаруды ілгізіп,
мəрт мінезбен жүргізіп,
жауға қарсы сал мені!