06.05.2022
  127


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тауқымет

Күн көрудің қиыны-ай,
көз тартқанмен гүл-өңір.
Айрандайын ұйымай,
іріп жатқан бір өмір.
Тамағына тапқаны
жетпей жүрген бір адам.
Жайлы өмірдің шатқалы –
жеткізбейтін бір алаң.
Байығандар əлі де
байи түссем деп əуре.
Балалардың бəріне
үй берсем деп мен əуре.
Шырқыраумен күн шығып,
шырылдаумен күн батты.
Тауқыметтен тұншығып,
жойдық талай қымбатты.
Өмір деген білгенге
азаптардан тұрады.
Сөйтіп жүріп, бір демде
сөнер тірлік шырағы.





Пікір жазу