06.05.2022
133

Жан бағу
Заман дегенің қасқыр ма
сескенер қарулы арсыздан?
Зорлықтың табаны астында
адалдықты көріп жаншылған
жүрегім сыздап, қан ысып,
ашыған айрандай бұзылам.
Үстелдеріне жабысып,
жан баққандарға қызығам.
Орнынан тұрса құлардай –
алдарында тік жар – ұшпа тұр.
Кеуделерінен шыға алмай
адалдық атты құс жатыр.
Құнар қалмады қырымда,
заманның сең-сең мұзынан.
Келеді екен-ау шынында
жұтаған жұртқа жүз ылаң.
Қыл көпірде əлде тұр ма адам,
ойлана да алмай жұрт бұғар.
Құйын мінезді бұл заман
жан бақпағанды ықтырар.