Аға
Телефон шыр-шыр етті. Тұра қалдым.
– Кім екен, Фариза ма? / Мына жанның
батылы-ай, бұл кім өзі? / – Иə, мен ем...
– Шығыстан, Бошай*4
деген бір ағаңмын.
Жансың ғой бүкіл жұртқа еңбегі үлгі,
естіп ем Катон жаққа келгеніңді.
Жете алмай Өскеменнен мен отырмын,
əйтпесе көрсетер ем ел-жерімді.
Өскенмін өмірімді жеке билеп,
жазып ең – сол өлеңің көкейімде ед/:
«Жүйрік бер маған, аға, жорғаңды қой –
бір зулап не де болса өтейін!» – деп.
Өзіңе жарасады-ақ еркелігің,
жасыңнан ақтап жүрсің ел сенімін.
Ат мінбей аттаныпсың, өкінішті,
қайтейін, қалқам, қолдың келтелігін...
– Жоқ, аға, мəн бермеңіз бұған дара,
бұл күнде жоқ қой елде Бұлаңқара.
Келгем жоқ ат мінуге, өзімнің де
зауқым жоқ сыйлық, қылаң-сылаңға да.
... Талайлар сөнді өмірден жанбай жатып,
Мəңгілік тұратындай алдайды уақыт.
Алыстан қамқоршың боп сені ойлайтын,
болғаны ағалардың қандай бақыт!