06.05.2022
435
Сағыныш
Көңілім – жүдеу, сөзім – мұң,
сөнгендей менде көп үміт.
Қарашығынан көзімнің
тамшылар жатыр төгіліп.
Сағыныш толы сезімнен
жаншылып бітті-ау жүрегім.
Шаттанып күлген кезім кем –
қалай табамын бір емін?
Сағыныш мені жылатып
(түсінер бірақ мұны кім...).
Сол сезім жанды жұбатып,
жалғасып жатыр ғұмырым.
Сүю – адамның бағы ма –
сағынып күнде көз ілем.
Аңсаудан дертті жаныңа
сағынғаныңның өзі де ем.
Өткізсең бақыт кеш, түнді
ойлаумен аңсап ол жайлы.
Селт етпей жүрек, ешкімді
сағына алмасаң, сол қайғы.