06.05.2022
151
Қарлығаш
Фрак киіп шығады,
балшық үйде тұрады.
Зағип жан да көреді:
саздан өзі өреді
қабырғасын үйінің,
бүлдіреді киімін.
Сабын да жоқ жууға,
бірақ жайлы тұруға:
тыныш, құрғақ үйде осы,
шыбын – оның сыйлы асы.
Жауын жауса тынымсыз,
ол отырар түк үнсіз.
Жалынбайсың басқаға –
үйің болған жақсы-ау, ə?!