06.05.2022
266
Үкі
Таң атса-ақ, шатырдың ішінде
отырып, күнімен мүлгиді.
Тышқанды көре сап түсінде
үкі оған: «Кел маған, жүр!» – дейді.
Ал тышқан зырылдап қашады,
үкінің маңына жоламай.
Күн бойы қалғиды, аш əрі,
ұшуға жайы жоқ, обал-ай!
Күн түссе, таба алмай жай, жемін,
отырар жек көріп жарықты.
Ұқыпсыз екен – көзəйнегін
байқамай жоғалтып алыпты.