06.05.2022
249
Тоқылдақ
Тұрар мекен таппайды,
кез келген жер жақпайды.
Тоқылдатып ағашты,
үй жасайды жарасты.
Кірсе, жайлы қонысы,
басқа əлеммен жоқ ісі.
Бұта жанын қинады-ау:
– Асхана жоқ, үй бар-ау,
төріме шық – бағамын,
барым осы, қарағым!