06.05.2022
  142


Автор: Фариза Оңғарсынова

Трамбай

Нені ойлайды трамвай?
Көк бешпетке құмар ма?
Бір орында тұра алмай,
даңғыр-дүңгір – жүре береді шығанға.
Ылғи қызыл – кигені,
сыңғырлатып вагондарын сүйреді.
Дауысынан тас көшелер безініп,
сырқаттанды қаланың бар үйлері!
Ызыңдайсың басын шағып бар жердің,
құралындай тіс емдейтін дəрігердің.
Түк ұқпаймын
аспан қайда, жер қайда.
Қоңырауын тағып алып маңдайға
трамвайлар күні бойы зуылдар.
Ал жүргенде мықтап ұстап тұрыңда





Пікір жазу