06.05.2022
273
Велосипед
Ұшып түстім. Оңбадым.
Біздің класс түгелімен түңілді.
Құлап жатқан мені көріп жолдағы
бір бейтаныс ағай маған жүгірді.
Құлағанды сонша ерсі көрді ме –
көше түгел қоршап алды келді де.
Жының келіп кетеді ғой ондайда –
тұра салып қарғып міндім сол бойда!
Ролик пе? Қызық емес ол аса,
велосипед тебе білген тамаша!