06.05.2022
  144


Автор: Фариза Оңғарсынова

Автомобиль

Дөңгелегі болмаса,
зырыл қақпай жолдарда,
асықпай-ақ онда аса
жүрер ме еді орманда?
Сонда қызық болар-ды,
шөптей болса шынында.
Жазып қойса: «Оларды
болмайды, – деп, –
жұлуға!»
Мүмкін емес ол деген:
адам неге мінеді?
Кім зулайды жолменен,
иттер кімге үреді?
Көздері əйнек не түрлі,
машинаға бəрі айқын.
Бейне дəрігер секілді
рентгенмен қарайтын.
Тек... жүріспен мынандай
тозып аяқ, табаны,
төсегінен тұра алмай
сырқаттанып қалады.





Пікір жазу