06.05.2022
88
Троллейбус
Сала құлаш
созғанда
мойнын көрші дұрыстап,
мұндай күшті қол бар ма –
от шашатын уыстап?
Адамдарға мұншама
кімнің жаны ашиды –
сымға ілініп тұрса да,
үйді-үйіне тасиды.
Қалмайын деп əлгіден
жүгіріп ем,
ал бірақ
жол бойында қалдым мен,
троллейбустан қалжырап!