06.05.2022
  269


Автор: Фариза Оңғарсынова

Кеме

Жүзіп, міне, барамыз,
үсті деген қиялдай!
Қарны бар ғой, қараңыз –
он поез да сыярдай.
Айқайынан адамдар
Зəресі ұшып қашардай,
Үстінде үлкен алаң бар,
Демалып, той жасардай!
Бөлмесінің саны жоқ:
тіс жуатын, ойнайтын,
жататын... е-е, тағы көп –
ұйықтайтын да ойлайтын.
Ұйқысырап онда да
төсегіңнен құлайсың.
Бассейні бар жаңа,
суы мөлдір, лайсыз.
Соның бəрі жетпей ме
дем аласың жайланып.
Қызық мұнда,
тек кейде
кетер басың айналып.





Пікір жазу