06.05.2022
  202


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қанат туралы хикая

Бір балапан құлады
ұясынан домалап.
Ата-анасы жылады
шырыл қағып. Обал-ақ!
Бір қанаты сыныпты,
дəрі жақтым, орадым.
Күш жинады, шынықты
жалғыз қанат қонағым.
Ауырсынып қанатын,
жүгіреді сенделе.
Бар екен-ау қағатын
екі қанат менде де.
Оң қанатым – əкем де,
сол қанатым– анашым.
Бірі түссе қатерге,
мəңгі ұша алмай қаласың.
Қос қанатың болғанда
табар өмір жарасым.
Біреуінсіз ор-жарда
бір мүгедек боласың.
Қарап тұрып шекені
шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
сау болса екен мəңгілік!





Пікір жазу