meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.05.2022
  156


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жылу

Жылылықтан жаралған
құшағы оның – таң мекен.
Менің Айдай анамнан
асқан сұлу бар ма екен?!
Мейірім-нұр төгілген
күн көзіндей жанары,
ойымды оқып өңімнен,
дірілдейді қабағы.
Жердегі бар тағамнан
ана сүті нəрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
сүйікті адам бар ма екен?!
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
анамыздан тарайды.





Пікір жазу