06.05.2022
  155


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қыспен қоштасу

Кіршік шалмаған ақ қөңілдердей, пəк
көңілдердей ақпанда
балапан бауыр ақ ұлпа қар да ыстық-ау.
Маңайдың бəрін ақ торған шархат жапқанда,
ұйқылы-ояу маужырап қалды қысқы бау...
Шаңғылар зулап,
шаналар зырлап беткейде,
Ойхой, шіркін, жанардан жасты парлатып!
Осындай шақта көңіл бір шырқап кетпей ме,
қияларға сені самғатып!
Далама бүгін далиып бей-жай жатқан кең
көгілдір көктем,
өрім гүл көктем жетті ғой.
Мен сонда мынау ақ сезімімдей ақ қармен
қоштасқым келмей кетті ғой!..





Пікір жазу