06.05.2022
304
Көгершіндерім
Көгершіндер, көгершіндер көп менде,
келеді олар сағындырып көктемде.
Көк жүзінде қалықтайды қуанып,
самал желпіп, күннің нұры өпкенде.
Олар солай қалықтаса, қуанам,
ұя салам, жем беремін, суарам.
Мен секілді күн шуағын сүйетін
тимесе екен достарыма бір адам.