06.05.2022
  311


Автор: Фариза Оңғарсынова

Дос туралы ертегі

Бір досым бар, сағынып
көрісеміз күнде біз.
Отырмаймыз жабығып –
көңілдіміз, біргеміз.
Үйретеді жақсы өлең,
жамандықтан шектейді.
Тіл табысып басқамен,
мені сатып кетпейді.
Ертегілер еліне,
батырлардың жеріне,
құс жетпейтін көгіме,
биіктердің өріне.
Жетелейді сеніммен,
қызықтарға бастайды,
еруге оған ерінбен,
сырымды да шашпайды.
Қалаларды не деген
аралатты ол маған.
Жүздік жүйрік кемемен
айдындарда ондаған.
Түнек жерге жыр, əнмен
найзағай боп жай шаштық.
Талай қарақшылармен
ол екеуміз шайқастық.
120
Атқа шауып үйреніп,
араладық тау, белді.
Найзаменен түйредік
жалғыз көзді дəулерді.
Білмейді бір зекуді –
сендіреді, сенеді.
Мен жабықсам, не түрлі
əңгіме айтып береді.
Сырын ашып Күннің де,
бастар талай жол көшін.
Кім екенін білдің бе –
Кітап еді ол досым!





Пікір жазу