06.05.2022
168
Жазда
Туған елдің тау-қырын
аралаймыз, шарлаймыз.
Тамашалап таң нұрын,
демаламыз жаздай біз.
Толқынменен жарысып,
шомыламыз суға біз.
Батырлармен табысып,
есітеміз түрлі аңыз.
Қалықтайды күміс күн,
əнге басып келеміз.
Əкелердің ұлы ісін
жалғастыра береміз.
Біз өрлеген құздарда
шаттық үні орнады.
Шақырады бізді алға
жаңа жорық жолдары.