06.05.2022
130
Серт
Заңғар тауларға қараймын,
қараймын шырқау шыңдарға.
Алдымда өмір – ақ айдын
мені де салар сындарға.
Ұмтылсам алға жасымнан,
армандай шыңға шығармын.
Ерлікпен даңқын асырған
ержүректерге ұланмын.
Сүйсінер маған жұрт əлі,
арманым – асқақ шың асқар.
Мен үшін өнер шырқауы –
Бибігүлдер мен Күлəштар.
Аялап күтіп мені елім,
сəулесін шашты нұр таңдар.
Мен үшін ерлік дегенің –
Бауыржандар мен Сұлтандар!
Жаныма содан от алдым,
ерлікке баулыр далам кең.
Батырлар өскен Отанның
өркені боп қалам мен!