05.05.2022
428
Батырлардың ұрпағымен
Күресте өсіп қайсар бабам
қиындықтан тайсалмаған,
Жасқа қамқор, еліне – үлгі,
терең ойлы, байсалды адам –
мен атамның шырағымын.
Жастық шақта жалындаған,
қайталаған əнін далам,
қала салып, Айға аттанып,
мұхиттарда дамылдаған –
ер əкенің ұланымын.
Мен əзірше жас баламын,
алдымда əлі бақ-талабым,
аталарға тартып туған
ұланмын деп мақтанамын.
Ел аялар сұңқар ұлын –
батырлардың ұрпағымын!