05.05.2022
  148


Автор: Фариза Оңғарсынова

Құштарлық

Корабльді басқарып,
көк жүзіне самғармын.
Канал қазып, тас жарып,
мұхиттарды жалғармын.
Таңдандырар бар елді
ғажап үйлер салармын.
Жасартатын əжемді
дəріні ойлап табармын.
Мұзды жарып зырлайтын
кемемен жол асармын.
Бұзылмайтын, сынбайтын
ойыншықтар жасармын.
Ертегінің сарайын
жер астынан табармын.
Жұлдыздардың талайын
қолыма алып санармын.
Атам айтты: «Қарағым,
Айың тусын оңыңнан.
Ал білімсіз баланың
түк келмейді қолынан!»





Пікір жазу