05.05.2022
256
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo5208474477736868270vapvap.jpg)
Дос
Менің досым Нұралы
бізбен көрші тұрады.
Бірге ойнаймыз күнде біз,
мектепте де біргеміз.
Киноға бір барамыз,
бірге қармақ саламыз.
Ол жоқ болса, апасы
не əжесі, атасы:
«Қайда жүр?» – деп елеңдеп,
сұрайды оны менен кеп.
Төбелесіп қалмаймыз,
міне, біздер қандаймыз!