05.05.2022
159
Жасық
Жасық бала Ақтайды
қандай адам мақтайды:
əшейінде жалпылдап,
аузы тыным таппайды.
Жұрт алдында бұғады,
қып-қызыл боп құлағы.
Кекіл шашын сипалап,
төмен қарап тұрады.
Бір де ертегі білмейді,
тақпақ та айтып жүрмейді.
Əн дегенің Ақтайдың
құлағына кірмейді.
Ауырғандай тамағы
жөткірініп қалады.
Мақтамайды үлкендер
мұндай жасық баланы!