05.05.2022
  149


Автор: Фариза Оңғарсынова

Өтірікші

Маран деген баланың
көрсеңдер ғой бөскенін:
«Қақпаға доп саламын
өзімен-ақ өкшенің!
Менің көкем Дарқанбай,
нағыз батыр қырағы:
қолына түк балта алмай,
қасқырларды қырады!»
Мұның бəрі өтірік –
доп салмайды ол қақпаға.
Көкесі де көпіріп,
жүреді ылғи мақтана.
Ойнағанда əлі біз
күлкі етеміз Маранды.
Жек көреміз бəріміз
өтірікші адамды!





Пікір жазу