05.05.2022
165
Кәмшат апай
Батыр қызы халқымның
Кəмшат апай*1
– мақтаным.
Мен де соған талпындым,
атын есте сақтадым.
Бөбегіндей аймалап,
сүйген дарқан даланы.
Алтын кірпік, ай қабақ,
ол ауылдың қазағы.
Жұлдыздайын ең көркем
жарқырайды ордені,
«Батыр бол, – деп, – сен де ертең»
шақырғандай ол мені.
Жиындарда сөз алған,
шешендіктен тосылмай.
Ұрпаққа – ісі, өзі – арман,
апаларым осындай!