05.05.2022
183
Жылқышы бала
Құрық алып қолыма,
қамшы салып торыға,
жылқы айдаймын жайлауда,
шаң ілеспей соңыма.
Ат көрмесем, сағынам,
жүйріктерге табынам,
ұшқан құстай зуласа,
жел еседі жалынан!
Арғымағым, арында,
жеткізбейін сағымға.
Ат жалында ойнаған
менің аталарым да!
Көрші біздің даланы –
қызыл-жасыл алабы,
жүйрік атпен жарысып,
ол да зулап барады.
Елдің көркі – сəйгүлік,
ердің көркі – сəйгүлік.
Жүрген қандай жайлауда
жүйрік қуып, тай мініп!