05.05.2022
609
Ғарышкер ағалар
Көк аспанға қараймын,
жұлдыздарды санаймын.
Осынша көп моншақты
төгіп кеткен қалай кім?
Жарқырайды, лаулайды,
бірақ жерге жаумайды.
Батыр жандар тағатын
жұлдызшадан аумайды.
Таң атып, Күн жеткенде,
таба алмай бірін көктен де,
таң қалам: «Бар жұлдызды
біреу алып кеткен бе?!»
Маған жұмбақ Күн елі,
тұңғиықтың түнегі...
Ал ғарышкер ағалар
соның бəрін біледі.
Шарлап олар Күнді, Айды,
жұлдыз əнін тыңдайды.
Байқоңырдың төсінен
корабльдер зулайды.