05.05.2022
298
Менің атам
Атам менің жақсы адам,
ешкім одан аспаған.
Фашистермен соғысып,
оң аяғы ақсаған.
Көп айтпайды ол өткенін,
қанын қалай төккенін.
Бірақ əжем сақтаған
ордені оның көп керім.
Əзілі оның қалмайды,
əжемді де алдайды.
Үйдегілер күлкіден
аузын жия алмайды.
Əжем де оны сөкпеді,
сөзін де екі етпеді.
Шақырса егер біреулер,
əжемсіз ол кетпеді.
Бір-бірінен екеуі
қызғанады тек мені.
Атам деген мықты адам,
ылғи мені құптаған.
Ауырса да аяғы,
қабағын бір шытпаған.
Сол соғыста мына мен
болсам, жауға шығар ем.
Ақсақ қылған атамды
дұшпандарды қырар ем!