05.05.2022
  703


Автор: Фариза Оңғарсынова

Әже

Тентек болсам, ашынып,
жақсы іс қылсам, асырып,
маған сақтап жүреді
тəттіні де жасырып.
Келгенімше бақшадан
күтеді ылғи асығып.
Ұрысады апам, жатса егер
ойыншығым шашылып.
Паналаймын сонда оны
мойынына асылып.
Тосып тəтті дəмдерін,
ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
ертегісін, əндерін.
Біздің үйде осындай
əжетайым бар менің!





Пікір жазу