05.05.2022
  371


Автор: Фариза Оңғарсынова

Ақ мамам

Еркелесем, күлімдейтін,
ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім!» – дейтін.
Əлемдегі ақылды адам,
бəрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де
батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,
жақсы ісімді мақтан қылып,
ақ мамамды мен əрқашан
жүрсем деймін шаттандырып.





Пікір жазу