05.05.2022
  192


Автор: Фариза Оңғарсынова

Алғашқы сабақ

Толдым жеті жасқа мен,
қош айтыстым бақшамен.
Келдім алғаш сабаққа,
келді Нұрлан, Жанат та.
Қоңырау да соғылды,
көп күтіп ек сол үнді.
Əліппені қолға алып,
біз отырдық «оңдалып».
Келді де апай күлімдеп,
түгендеді біртіндеп.
Əліппені ашты алып,
біз оқуды бастадық.





Пікір жазу