05.05.2022
133
Бөпе
Ал мен болсам əлі күн
жүрмін жалғыз күйімде.
Қыңқылдадым тəтеме,
бөпе сатып ал дедім.
Сосын келіп əкеме
дүкендерге бар дедім.
Бірде ертемен маған кеп,
оятты əжем тартқылап:
«Бөпе əкелді саған!» – деп,
мəз болып жүр шапқылап.
Қайда деп ем анамды,
дүкен жақта жүр деді.
Қарындасың Жанарды
əкеледі, тұр деді.
Шынында, анам бір күні-ақ
дүкенге өзі барыпты.
Қоймағасын қыңқылдап,
бөпе сатып алыпты!